Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған Зулфия Төленоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ult.kz.
Мәліметке сәйкес, жыл басында Зулфия Төленоваға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Кейін іс сотқа өтіп, сотталушыға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Алайда Төленова сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Апелляциялық сот отырысы жақын күндері өтеді.
Ал Құндыз бен Назгүл қазіргі уақытта Тараз қаласындағы арнайы орталықта тәрбиеленіп жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты, көңіл-күйлері жақсы екені айтылды.
Апелляциялық соттың шешімі шыққаннан кейін іс бойынша қосымша ақпарат жарияланбақ.