Құландар Іле-Балқаш резерватына көшірілді

Құландар Іле-Балқаш резерватына көшірілді
ашық дереккөз

Құлан популяциясын сақтау және олардың табиғи таралу аумағын кеңейту мақсатында Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына бірнеше құлан көшірілді, деп хабарлайды ult.kz.

Жануарлар жаңа аумаққа жеткізіліп, табиғи ортаға жіберілді. Енді мамандар олардың жаңа мекенге бейімделуін, қозғалысын және жалпы жағдайын бақылауда ұстайды.

Құландарды көшіру жұмыстары олардың табиғи популяциясын қалпына келтіруге және таралу аймағын кеңейтуге бағытталған.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтауға және сирек кездесетін жануарлар санын көбейтуге мүмкіндік береді.