Freedom Inside '26

Қостанайдағы зауытта жұмысшы қолынан айырылды: арнайы тергеу басталды

Қостанайдағы зауытта жұмысшы қолынан айырылды: арнайы тергеу басталды
ашық дереккөз

Қостанай облысындағы балық өңдеу кәсіпорнында ауыр өндірістік жарақат алған жұмысшыға қатысты оқиға арнайы комиссияның бақылауына алынды, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорын қызметкері өндірістік еттартқышпен жұмыс істеу кезінде ауыр жарақат алып, оң қолынан айырылған.

Облыстық еңбек инспекциясы департаментінің хабарлауынша, жазатайым оқиға туралы ақпарат ведомствоға 8 мамыр күні түскен. Еңбек заңнамасына сәйкес мұндай жағдайлар арнайы тергеуге жатады.

Жарақаттың ауырлық дәрежесіне қатысты ресми медициналық қорытынды 28 мамырда алынған. Осыдан кейін, 29 мамырда арнайы комиссия құрылып, оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, жұмыс беруші және қызметкерлер өкілдері енгізілген.

Қазіргі уақытта комиссия өндірістегі ауыр жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданатын болады.

Мамандар еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы мен жұмыс орнындағы жағдайларға да құқықтық баға берілетінін атап өтті.