22 мамыр 2026 жылы сағат 16:00-де Қосшы қаласының Қоғамдық мәдени-спорт кешенінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Адал азамат» бағдарламасы аясында мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ult.kz.

Іс-шараның мақсаты жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметті арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу болды. Шара барысында буллинг, бопсалау, интернет-алаяқтық, нашақорлық және вандализмнің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға бокстан әлем және Азия чемпионы Ақшалов Мерей Төлегенұлы, джиу-джитсудан әлем чемпионы Әбдіркенов Азим Қапанұлы, танымал блогер әрі волонтер Тимур Спатайұлы және спорт шебері Мұхит Амантай мырза арнайы қонақ ретінде қатысты. Сонымен қатар Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Бақтыбкұлы да келген еді.

Бағдарламада патриоттық әндер, би қойылымдары, сахналық көріністер және құқықтық тәрбие тақырыбындағы сұхбаттар ұйымдастырылды.