Freedom Inside '26

Қоқыс жәшігінен табылған сәби сәбилер үйіне жіберіледі: анасы әлі іздестіріліп жатыр

Қоқыс жәшігінен табылған сәби сәбилер үйіне жіберіледі: анасы әлі іздестіріліп жатыр
nege.kz

Ақтөбеде қоқыс арасынан табылған нәресте келесі аптада сәбилер үйіне ауыстырылады. Қазіргі уақытта оған қатысты қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жаты, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәби әзірге медициналық мекемеде бақылауда. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін, денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлады.

«Құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жалғасуда. Құқық қорғау органдары тиісті шараларды аяқтағаннан кейін нәресте сәбилер үйіне тапсырылады. Бұл шамамен келесі аптаның ортасында жүзеге асады», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, Ақтөбеде қоқыс арасынан шақалақ табылған болатын. Нәрестені сол маңда ойнап жүрген жасөспірімдер байқап қалып, ересектерге хабар берген.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сәбиді қоқысқа тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр, әзірге оның кім екені анықталған жоқ.