Freedom Inside '26

ҚМДБ-дан тыс діни білім беру: Талдықорғандағы медреселер күдікке ілікті

ҚМДБ-дан тыс діни білім беру: Талдықорғандағы медреселер күдікке ілікті
kazislam.kz

Жетісу облысының полициясы Талдықорғанда заңсыз медреселер жұмыс істеп жатқаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Egov.press Telegram арнасының хабарлауынша, қала аумағында қайырымдылық ұйымдарының атын жамылып, заң талаптарына сай рұқсатсыз діни білім берумен айналысатын мекемелер болуы мүмкін.

Ақпарат авторларының мәліметінше, аталған ұйымдар балалар мен жастарға тиісті лицензиясыз әрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүйесінен тыс діни білім береді деген күдік бар.

Осыған байланысты Жетісу облыстық полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп тиісті тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шешім қабылданады.