Freedom Inside '26

ҚМДБ: Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді

ҚМДБ: Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді
religions-congress.org

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы ресми түрде берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

ҚМДБ таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа атау енді ресми қолданысқа енгізіледі.

«Республикалық Бас мешіт – елорданың ғана емес, бүкіл Қазақстан мұсылман қауымының ортақ рухани ордасы. Ол халықтың бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етіп келеді», – делінген діни басқарманың хабарламасында.

Сондай-ақ ҚМДБ жаңа атаумен Бас мешіт алдағы уақытта да елдің рухани өміріне үлес қосып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды қолдауға қызметін жалғастыратынын атап өтті.