Freedom Inside '26

ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов үйқамақ режимін тағы да бұзды – сот ресми мәлімдеме жасады

ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов үйқамақ режимін тағы да бұзды – сот ресми мәлімдеме жасады
ашық дереккөз

Алматы қаласының соттары ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновке қатысты бұлтартпау шарасының мерзімі аяқталды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Соттың түсіндіруінше, Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша судья 2026 жылғы 5 маусымда бұрын таңдалған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдаған.

«Осыған байланысты бұлтартпау шарасының мерзімі аяқталды деген мәлімдемелер сот актісінің мазмұнына сәйкес келмейді», – делінген Алматы соттары баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 319-бабына сәйкес қылмыстық іс сотқа түскен кезде судья бұлтартпау шарасы мәселесін де қатар қарайтынын атап өтті.

Сондай-ақ сот қаулыларының «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесіне орналастырылатыны, ал процеске қатысушылар мен олардың қорғаушылары сот актілерімен заңда белгіленген тәртіппен таныса алатыны еске салынды.

Бұдан бөлек, сот жүктелген шектеулер мен міндеттер бұзылған жағдайда бұлтартпау шарасын қатаңдатуға, оның ішінде неғұрлым қатаң шара қолдануға құқылы екенін мәлімдеді.