Көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлов өмірден озды, деп хабарлайды ult.kz.
Ол ғұмырын қазақ халқының антропологиялық тарихын, этногенезі мен тарихи сабақтастығын зерттеуге арнады. Қазақстанда антропология ғылымының негізін қалап, ұлттық тарихымызды терең тануға зор үлес қосты.
Сонымен қатар бірнеше буын зерттеушілерге бағыт-бағдар берген ұлағатты ұстаз ретінде танылды.