Қазақстанның мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанның мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болады?
Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстанның ең ірі қалаларында бүгін, 12 қазанда, ауа райы әртүрлі болады. Астанада жауын-шашынсыз күн күтілсе, Алматыда жаңбыр жауады. Ал Шымкентте күндіз ауа температурасы +26°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с шамасында. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +15...+17°C аралығында болады.

Алматыда күн ала бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +11...+13°C, күндіз +17...+19°C болады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C-қа дейін көтеріледі.