«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында, сондай-ақ Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының, Абай, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Маңғыстау облысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін жететін қатты жел болуы ықтимал.
Еліміздің бірқатар өңірлерінде үсік жүреді. Түнде Алматы облысында 1–6 градус, Жамбыл облысында 1–6 градус, Жетісу облысында 1 градусқа дейін, Түркістан және Қызылорда облыстарында 3 градусқа дейін үсік жүреді.