Freedom Inside '26

Қазақстанның 2026 жылғы ТОП-5 үздік туристік ауылы анықталды

Қазақстанның 2026 жылғы ТОП-5 үздік туристік ауылы анықталды
ашық дереккөз

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ жыл сайын өткізілетін «Үздік туристік ауыл» ұлттық байқауын қорытындылады, деп хабарлайды ult.kz.

Жоба тұрақты және экологиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ табиғи, тарихи әрі мәдени мұрасы ерекше ауылдық аумақтарды ілгерілетуге бағытталған. 

2026 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік туристік ауылдарының қатарына келесі елді мекендер енді: 

  • Басши (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы); 
  • Торайғыр (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы); 
  • Берел (Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы); 
  • Коробиха (Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы); 
  • Имантау (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы). 

2025 жылы бұл байқауда Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы), Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы) және Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары жеңімпаз атанған болатын. 

Айта кетсек, Қазақстанның ауылдық туризмі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып келеді. Мысалы, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының беделді «Best Tourism Villages by UN Tourism» марапатына ие болып, әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың қатарына кірді.