Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға екі елдің ынтымақтастығын және жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіретін есімдер берілді, деп хабарлайды ult.kz.
- аталық жолбарыс — Амур;
- аналық жолбарыс — Үміт;
- еркек күшік — Тұран;
- ұрғашы күшік — Уссури.
Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жолбарыстар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды. Қазіргі уақытта олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтуде. Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.