Елімізде су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, «Су сандығы» ресурсы елдегі білім беру ұйымдарына оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану үшін беріледі.
Оған тақырыптық оқу материалдары, тапсырмалар мен жаттығулар, экологиялық ертегілер, сондай-ақ «Су ізі» платформасын қоса алғанда, цифрлық құралдар енгізілген.
Материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Оларды педагогтер сабақтарда, экологиялық сағаттарда, сыныптық және сыныптан тыс іс-шараларда пайдалана алады.