Қазақстандық блогер Мадина Мамадалиева, әлеуметтік желіде @_m_a_d_l_e_n атымен танымал, Италияға сапары кезінде чемоданынан айырылғанын айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Блогер Венецияға пойызбен, бизнес-класта бара жатқан. Оның айтуынша, Louis Vuitton чемоданы дәл өз орындығының үстіндегі багаж сөресінде тұрған. Ол телефонға алаңдап отырған сәтте белгісіз біреу чемоданды алып кеткен.
Чемоданның ішінде қымбат киімдер, аяқ киімдер мен брендтік сөмкелер болған. Арасында Loro Piana бұйымдары да бар.
Ең өкініштісі, ұрлық Венеция кинофестивалі аясындағы іс-шараның алдында болған. Блогер сол шараға киетін киімдерінің барлығы чемоданда болғанын айтты.
Мадленнің сөзінше, жоғалған заттардың жалпы құны шамамен 70 мың доллар, яғни 31 млн теңге.
Блогер болған жағдайға қатты күйзеліп, әлеуметтік желіде өз оқиғасымен бөлісті.