Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстандағы 10 жобаға кітап оқу мен әдебиетті дамыту үшін 50 млн теңге грант беріледі

Қазақстандағы 10 жобаға кітап оқу мен әдебиетті дамыту үшін 50 млн теңге грант беріледі
ашық дереккөз

Қазақстанда әдебиет, кітап шығару және кітап оқудың цифрлық технологиялары саласындағы 10 жобаға жалпы сомасы шамамен 50 млн теңге грант бөлінеді, деп хабарлайды ult.kz Креативті индустрияларды дамыту қорына сілтеме жасап.

Конкурсқа барлығы 172 өтінім түскен. Іріктеу қорытындысы бойынша 10 жоба жеңімпаз атанды. Әрқайсысына 5 млн теңгеге дейін грант қарастырылған.

Қолдау тапқан жобалар қатарында қазақ тіліндегі цифрлық кітапханалар мен оқу платформаларын құру, балаларға арналған кітаптар мен комикстер шығару, сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен интерактивті білім беру құралдарын әзірлеу бастамалары бар.

Атап айтқанда, «Сөз-Қазына», Oqiber, «Бір беттік кітап: Қазақ ертегілері», Satti.asia, «Тәтті ертегі», Abai Library, «Tulga», Compara жобалары, қазақстандық комикстер топтамасы және «Домбыра үйренгім келеді» жобасы грант иеленді.

Бастамалардың негізгі мақсаты – отандық әдебиеттің қолжетімділігін арттыру, қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейту және балалар мен жастардың кітап оқуға қызығушылығын ояту. Сонымен қатар цифрлық технологиялар арқылы ұлттық мәдениетті дәріптеу көзделген.