Freedom Inside '26

Қазақстанда халықтың жалақысын көтеру бойынша шаралар қабылдануда

Қазақстанда халықтың жалақысын көтеру бойынша шаралар қабылдануда
ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Президенттің экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды ult.kz. 

Ол Үкімет жүргізіп жатқан жұмыс азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы тұрақты дамытуға және оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. 

«Халықтың нақты табысын арттыру Үкімет үшін негізгі басымдық болып саналады. Ол үшін Үкімет Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп Макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруда. Сондай-ақ биыл біз Халықтың табысын арттыру бойынша жеке бағдарлама қабылдадық», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. 

Елімізде жалақыны арттыру, сапалы жұмыс орындарын құру, борыштық жүктемені азайту және кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша шаралар қабылданатыны атап өтілді. 

Сондай-ақ қарсы міндеттемелерді орындау арқылы айлық жалақының ең төменгі мөлшерін, азаматтық қызметшілердің жалақысының, жалдамалы жұмыскерлердің табысын арттыру мәселесі қаралатын болады. 

Халықтың кредиттік жүктемесі мәселесіне және тұтынушылық кредиттердің өсуіне ерекше назар аударылды. Үкіметтің басты бағдары халықтың нақты табысының 2-3%-дан жоғары деңгейде өсуін қамтамасыз ету болып саналады. 

Сондай-ақ халық табысының жоғарылауына экономиканың тұрақты, сапалы өсуін қамтамасыз етуге және инфляцияны төмендетуге бағытталған шаралар ықпал ететін болады.