Қазақстанда неке ең көп тіркелген өңірлер анықталды

Қазақстанда неке ең көп тіркелген өңірлер анықталды
ашық дереккөз

Жыл басынан бері Қазақстанда мыңдаған неке тіркелген, деп хабарлайды ult.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Қай өңірлерде неке көп тіркеледі?

Корпорацияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, «қызықты статистика» айдарында қазақстандықтардың жылдың қай мезгілінде шаңырақ көтеруге көбірек бейім екені және қай ай неке қию бойынша көш бастағаны анықталған. 

Некелер саны бойынша алғашқы үштікте Алматы, Астана және Түркістан облысы көш бастап тұр. 

Қай айда жастар көбірек жұптасады?

Сонымен қатар маусым, шілде, сәуір айлары - неке ең көп тіркелетін айлар екені жарияланды. 

Маусым айында - 15 192 неке тіркелсе, шілде айында - 11 674 неке қиылған. Ал сәуір айында - 8 001 жұп некелескен.