Қазақстанда адам өлімі көп болатын 6 жол учаскесі аталды

Қазақстанда адам өлімі көп болатын 6 жол учаскесі аталды
yvision.kz

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан болатын адам өлімінің жартысына жуығы республикалық маңызы бар автожолдарға тиесілі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Министр адам өлімі жиі тіркелетін жол учаскелерін атады:

Алматы – Ташкент – 60 адам;

Алматы – Бішкек – 33 адам;

Шымкент – Самара – 19 адам;

Алматы – Көкпекті – Көктал – 17 адам;

Ақтөбе – Атырау – 14 адам;

Алматы – Өскемен – 12 адам.

Сәденовтің айтуынша, қазіргі таңда жолдардың небәрі 16 пайызы заманауи талаптарға сай келеді. Осыған байланысты 1-санаттағы 6 мың шақырым жол салу қажет.

Министр Қарағанды – Алматы бағытындағы төрт жолақты магистраль іске қосылғаннан кейін осы учаскеде адам өлімі 47 пайызға азайғанын атап өтті.