Қазақстанда 60 жастан асқан 2,9 млн адам бар

Қазақстанда 60 жастан асқан 2,9 млн адам бар
ашық дереккөз

Қазақстанда 60 жастан асқан адамдардың саны 2,9 миллионнан асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ult.kz.

2026 жылдың басындағы дерек бойынша, елде 60 жастан асқан 2 923 472 адам бар. Бұл Қазақстан халқының 14,2%-ын құрайды.

Оның ішінде:

  • 1 163 270 – ер адам;
  • 1 760 202 – әйел адам.

60 жастан асқан тұрғындар саны ең көп өңірлер:

  • Алматы – 328 385 адам;
  • Түркістан облысы – 216 544 адам;
  • Қарағанды облысы – 212 487 адам;
  • Алматы облысы – 203 499 адам;
  • Астана – 171 138 адам.

60 жастан асқан азаматтардың 1 894 268-і қалада, ал 1 029 204-і ауылдық жерде тұрады.

Сонымен қатар Қазақстанда 100 жастан асқан 1 323 адам бар.

2026 жылдың II тоқсанында 60 жастан асқан 465 302 адам жұмыс істеген.

Ал 2025 жылы Қазақстанда 2 415 095 зейнетақы алушы тіркелген.