Қазақстан университеттері халықаралық сатыда жоғары рейтингке көтеріліп келе жатыр. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша бұл мемлекеттің стратегиялық ұзақмерзімді жоспарының нәтижесі.
Ғылым және жоғары білім министрі елде жоғарғы білімді дамытуға лайықты көңіл бөлініп отырғанының арқасында беделді британдық QS рейтингіне (Quacquarelli Symonds) 18 қазақстандық университет енді. Ал одан да күрделі және талабы қатты THE рейтингіне (Times Higher Education) Қазақстаннан 10 жоғары оқу орны енді.
«Бұл өзімізді мақтағанымыз емес, бұл объективті екі негізгі академиялық рейтингтің нәтижелері», — деді Саясат Нұрбек.
Бұдан бөлек министр ТМД елдері жоғарғы оқу орындары рейтингінде Назарбаев университеті (NU) бірінші орында тұрғанын айтып, сүйінші сұрады.
Сонымен қатар Азия елдеріндегі жоғары оқу орындарының білім беру және ғылыми-зерттеу саласындағы көрсеткіштерін салыстыратын QS рейтингінде қазақстандық 51 университет кірген. Саясат Нұрбек мұны «тарихи рекорд» деп бағалады.
«Оның ішінде үш университетіміз, Еуразия Ұлттық университеті (ЕҰУ), Сәтпаев университеті (Satbayev University), Әл-Фараби атындағы ҚҰУ ТОП жүздікке кірді. Бұл ең мықты нәтижеміз. Соңғы 20-30 жылдың ішінде біздің өңірімізден кірген университеттердің ең көп саны Қазақстанның университеттері, — деді ол мақтанышпен.
Қазіргі таңда ең мықты нәтижеміз деп министр GII жаһандық инновациялық индекстің 73-орында, Орта Азияда бірінші орында тұруы екенін айтты. Әлем елдерінің инновациялық даму деңгейін бағалайтын бұл халықаралық рейтингте соңғы 10 жылдағы ең жақсы нәтижеміз екенін айтып отыр ол.
«Оңтүстік Азияда — екінші орында. Үндістан, Қазақстан, Иран, солай кетеді... Бұл да өте жақсы көрсеткіш, яғни біздің зерттеу сапамыз, патенттік әрекеттеріміз ақырындап бізді осындай жақсы позицияларға әкеліп жатыр.
Ғылым және жоғары білім министрінің мәліметінше, Курсера (Coursera) халықаралық онлайн компаниясының жасанды интеллект бағдарламалары бойынша рейтингінде 55-орынға шықтық.
«Олар быйыл бізге өздерінің ең мықты жүлделерін беретін болды. Өткен аптада біздің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Ержан Әмірбекұлы Лондонда биылғы жүлдені қабылдап алды. Бытыр вице-министріміз Дархан Жұмақанұлы қабылдады. Екі жыл қатарынан ең жоғары жүлдені Қазақстан алатын болды. Бұл AI Skills индекс деген, яғни жасанды интеллект дағдылары индексі.
Бұл өзі-өзімізді мақтау емес, нақты, объективті баға — осыны бәріміз біліп жүруіміз керек», — деді министр С. Нұрбек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде білім мен ғылымсыз ешқандай даму да, өркендеу де болмайтыны анық екенін айтқан болатын.
«Қазақстан білім-ғылым жүйесін дамытуға айрықша мән беріп отыр», - деген Президент.