Қазақстан-Қытай шекарасында үш күн бойы көлік өткізілмейді

Қазақстан-Қытай шекарасында үш күн бойы көлік өткізілмейді

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері үш күнге жабылады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады ult.kz.

Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты 1, 2 және 3 қазан күндері адамдар, көлік құралдары мен жүктер шекара арқылы өткізілмейді.

Бұл ретте теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттік кірістер комитеті шекарадан өтуді жоспарлап отырған тасымалдаушылар мен азаматтарды енгізілген шектеулерді алдын ала ескеруге шақырды.

Айта кетейік, 15 қыркүйектен бастап Қытайға кіру және елден шығудың жаңартылған ережелері күшіне енді. Қытай билігі шетелдік туристер ұсынатын құжаттар мен мәліметтерді тексеруді күшейтті.