Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара сауда көлемі биылғы жылдың алғашқы сегіз айында 19%-дан астам өсіп, 1,75 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Министрдің айтуынша, Қазақстан Қырғызстанға отандық өнімдер экспортын одан әрі арттыруға мүдделі. Атап айтқанда, азық-түлік, химия, мұнай-химия және металлургия өнеркәсібі тауарларын жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын.
«Біз Қырғызстанға азық-түлік, химия, мұнай-химия және металлургия өнеркәсібі өнімдері жеткізілімін арттыруға дайынбыз», – деді Арман Шаққалиев.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту өзара тауар айналымын ұлғайтуға және өңірлік экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.