Қазақстан колледждеріне биыл 133 мың студент мемлекеттік тапсырыспен қабылданады

Қазақстан колледждеріне биыл 133 мың студент мемлекеттік тапсырыспен қабылданады
ЖИ

Қазақстандағы колледждерге 2026 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 133 мың студент қабылдау жоспарланып отыр. Оның 10 мыңнан астамы кәсіпорындардың өтінімі бойынша білім алып, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасады, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Бүгінде елімізде 763 колледж жұмыс істейді. Онда 556 мың студент білім алып жатыр.

Министрдің айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне бейімделіп келеді. Осыған байланысты мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігі техникалық мамандықтарға бағытталмақ.

2026 жылғы мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы техникалық кадрлар даярлауға бөлінеді.

Сонымен қатар кәсіпорындардың сұранысы негізінде 10 мыңнан астам студентті кейін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен оқуға қабылдау жоспарланған.

«Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында колледждерге 133 мың студент қабылдау жоспарланып отыр. Мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы техникалық салаға қажетті мамандарды даярлауға бағытталады. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша кейін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен 10 мыңнан астам студент қабылданады», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Жаңа тәсілдің негізгі мақсаты – колледждерде еңбек нарығына қажетті мамандарды көбірек даярлап, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыру.