Қазақстан құрамасы Бангкок қаласында өткен су спорты түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша XII Азия чемпионатында Жапония мен Қытай құрамаларына жол беріп, жалпыкомандалық медальдық есепте 3-орын алды.

Ұлттық құраманың қоржынында 49 медаль: 21 алтын, 19 күміс жəне 9 қола бар. Қазақстандық спортшылар чемпионаттың барлық төрт түрі – жүзу, суға секіру, əртістік жүзу жəне су полосы бойынша жүлделі орындарға ие болды. Əртістік жүзуден ұлттық құраманың жеңісі ерекше оқиға болды.

Қазақстандық спортшылар жас ерекшеліктері бойынша өткен XII Азия чемпионатының трофейін жеңіп алып, осы дисциплинада құрлықтың үздік командасы атанды. «Qazaq Aquatics» РҚБ Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін бас серіктес – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына, сондай-ақ серіктестер – «SportQory» спортты қолдау қоры, «Қазцинк» ЖШС, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Altyntau Kokshetau» жəне «Кселл» АҚ (Activ5G) компанияларына алғыс білдіреді. Барлық сұрақтар бойынша «Qazaq Aquatics» РҚБ баспасөз қызметіне хабарласуды сұраймыз.
