Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлайды ult.kz.
Қайырымдылық бастамасына еліміздің өңірлерінен шыққан бизнес өкілдері саналатын Кеңестің 17 мүшесі қосылды.
Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының мәліметінше, жалпы 815 млн теңге көлеміндегі қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына тікелей беріледі.