Щучинскіде қарт ерлі-зайыпты қаза тапқан өртке күдікті ұсталды

Щучинскіде қарт ерлі-зайыпты қаза тапқан өртке күдікті ұсталды
Видеодан скриншот

Щучинскіде жеке тұрғын үйден өрт шығып, оның салдарынан қарт ерлі-зайыпты қаза тапты. Полицияның алдын ала мәліметінше, үйді 39 жастағы жергілікті тұрғын өртеген болуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға 29 қыркүйекке қараған түні болған. Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен ер адам мен әйелдің денесі табылды.

Өрттің нақты шығу себебі әзірге анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша Ақмола облысы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полицияның хабарлауынша, 39 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында өрттің нақты мән-жайы мен күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілмек.