Freedom Inside '26

Қасым-Жомарт Тоқаев Тони Блэрмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Тони Блэрмен кездесті
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті, деп хабарлайды ult.kz. 

Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды. 

Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және халықтың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін қазіргі өзгерістер жөнінде айтты.