Қарағандыда ауладан мопед ұрлаған жігіт ұсталды

Қарағандыда ауладан мопед ұрлаған жігіт ұсталды
El.kz/Арман Мұхатов

Қарағанды қаласында ауладан мопед ұрлады деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды. Келтірілген шығын көлемі 250 мың теңге болған, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға бойынша Қазыбек би аудандық полиция басқармасы 20 жастағы тұрғыннан арыз қабылдаған. Оның айтуынша, күнделікті үй ауласында тұратын мопеді белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Тергеу мәліметінше, жігіт түнгі уақытта үйіне қайтып бара жатып, аулалардың бірінде тұрған мопедті байқап қалған. Алғашында оны басқа жерге апарып қоюды ойлағанымен, кейін бірнеше әрекеттен соң қозғалтқышын оталдырып, көлікті айдап кеткен.

Күдікті кінәсін толық мойындаған.

Қазіргі уақытта ұрланған мопед иесіне қайтарылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.