Қарағанды облысында «Vavada» интернет-казиносы ойыншыларының қаражатын қабылдап, қолма-қол ақшаға айналдырған топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды ult.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, схемаға 23 дроп-шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам операция жүргізілген.
Тергеу барысында топтың 2026 жылдың қаңтарында интернет-казино өкілдерімен Қазақстанда ақша қабылдау және шығару туралы келісім жасағаны анықталған. Қатысушылар дропперлерді тауып, олардың шоттарын пайдалануды ұйымдастырған. Қарағандыдағы жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы жұмыс істеген.
Екі күдікті үйқамаққа алынды. Сот санкциясымен олардың үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz көлігіне тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.