Қарағанды университетінде үш студенттен туберкулез анықталды

Қарағанды университетінде үш студенттен туберкулез анықталды
azh.kz

Қарағандыдағы академик Е. А. Бөкетов атындағы зерттеу университетінің үш студентінен туберкулез анықталды. Әлеуметтік желіде тараған 10 студент ауырды деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлады.

Басқарма басшысы Нұрлан Аймағанбетовтің айтуынша, үш студент әртүрлі факультеттерде оқиды және бірге тұрмайды. Бірі биология-география, екіншісі шет тілдері, үшіншісі журналистика факультетінің студенті.

Алғашқы жағдай 22 қыркүйекте, екіншісі 23 қыркүйекте, үшіншісі 24 қыркүйек кешке тіркелген.

Қазір мамандар жағдайлардың өзара байланысын анықтап жатыр. Науқастармен байланыста болған адамдар тексерілуде.

Университетте дезинфекция жүргізілген. Алайда туберкулездің анықталуына байланысты карантин енгізілмейді.