Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Қап-қара кір”: Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келінін сынап тастады

“Қап-қара кір”: Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келінін сынап тастады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Белгілі айтыскер ақын әрі психолог Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келінінің үйіне қонаққа барып, 400 мың теңгеге сатып алған картинасын көріп таңғалды, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қонақтағы сәтінен бейнежазба жариялады. Ол алдымен келіні Мәдинаның дайындаған балығын мақтады. Алайда үйдің қабырғасына ілінген суретке көзі түсіп, оның бағасын естігенде таңданысын жасыра алмады.

“Мына картинаны 400 мың теңгеге сатып алыпты. Қараңыздаршы, мен мұны тегін-ақ салып беремін ғой. Ортадан бір сызық сыза салған. Мынау не пәле?” – деді ақын.

Тұрсынбаева туындыны мектепте сурет сабағында салған тауларына ұқсатып, ұлының таңдауына әзілмен пікір білдірді. Сондай-ақ заманауи өнерді өзі түсінбей жүрген жоқ па деп сауал қойды.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы оқырмандарына үндеу жасады. 

Айнұр Тұрсынбаева кім?

Айнұр Тұрсынбаева – қазақтың танымал айтыскер ақыны, жеке тұлғаны дамыту бағытында тренингтер өткізіп жүрген қоғамға танымал тұлға.

1977 жылы бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданына қарасты Көкжыра ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында мектеп бітірген.

Айтыс өнеріне жасөспірім шағында келген. 1991 жылы Қайрат Рысқұлбековке арналған облысаралық ақындар айтысында алғаш рет көзге түскен. 1994 жылы Семейде Абайға арналған мектеп оқушыларының айтысында бас жүлдені иеленген. Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған республикалық айтыста екінші орын алған.

Шығармашылық жолында Франция, Түркия, Қытай және Моңғолияда өткен халықаралық айтыстарға қатысқан. Бірнеше республикалық сөз сайысының бас жүлдегері атанған.

Ақын кейінгі жылдары психология, отбасылық қарым-қатынас және тұлғалық даму тақырыптарында дәрістер мен тренингтер өткізіп жүр.

2022 жылы ұлы Бекланды үйлендіріп, Түркияның Ыстанбұл қаласында той өткізген. 2023 жылы немерелі болып, әже атанған.