Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“10–20 жылға дейін сотталады”: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі мәлімдеме жасады

“10–20 жылға дейін сотталады”: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі мәлімдеме жасады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өз атынан жалған парақша ашып, суреттері мен видеоларын рұқсатсыз таратып жүргендерге ескерту жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Айман Талғатқызы осы уақытқа дейін үнсіз жүруінің себебін түсіндірді. Оның айтуынша, өзіне қатысты жарияланған материалдарды жинап, нотариус арқылы тіркеген.

“Үндемегенді әлсіздік демеңдер. Былқып болған шығарсыңдар. Мысалы, TikTok-та мен болып фан-парақша ашып, елдің ашуына тиіп, мен болып жүрегізіп отырған парақша иесіне 10–20 жыл арасында грозит”, – деді ол.

Сондай-ақ Айман бұл іске адвокат пен сарапшыларды тартқанын мәлімдеді.

“Адвокатым, эксперт, нотариус, IP анықтайтын орган, бәрін фиксировать етіп, предс, инста, тик-ток бәрін тіркеп алғанша үндемедім. Ал енді ұйқыларың тыныш болсын! Жанталасып комменттеріңді өшіріп жатырсыңдар ғой. Ешқандай кешірім қабылдамаймын”, – деп жазды Айман Талғатқызы.

Ол бұдан былай аты-жөнін, фотосуреттері мен видеоларын рұқсатсыз пайдаланғандарға қатысты заң аясында шара қолданатынын жеткізді.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы оқырмандарына үндеу жасады. 

Тұрсынбек Қабатов кім?

Тұрсынбек Қабатов – қазақстандық әзілкеш, актер, тележүргізуші және продюсер. Ол 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Өнер жолын көңілді тапқырлар клубынан (КТК) бастаған. “Астана” құрамасында өнер көрсетіп, көпшілікке танылды. Кейін “Әзіл әлемі” театрын құрып, жеке шығармашылық жобаларын қолға алды.

Тұрсынбек Қабатов отбасылық қарым-қатынас, тұрмыс-тіршілік және қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізуімен танымал. Бірнеше телевизиялық бағдарламаға қатысып, кино саласында да өнер көрсетті.

Соңғы уақытта әзілкештің жеке өмірі, отбасылық қарым-қатынасы мен екінші некесі әлеуметтік желіде жиі талқыланып жүр.