Бірнеше күн бұрын әнші Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды ult.kz.
Stan.kz мәліметінше, 20 жастағы қыз Қайрат Нұртас оны Астанадағы Ritz-Carlton қонақ үйінде зорлады деп айыптап, арыз жазды.
Алайда полиция зорлау фактісі расталмағанын айтты.
"10 шілдеде 102 арнасына 2006 жылғы қыздан қаладағы қонақ үйде ер адамның заңсыз әрекеттері туралы хабарлама түсті. Бұл хабарлама белгіленген заңды рәсімдерге сәйкес тексерілді. Қонақ үйдің екі клиенті арасында жеке дау туындағаны алдын ала анықталды, мәселе шешілді", – деп мәлімдеді Астана полиция департаменті.
Қыз кейін арызын қайтарып алған көрінеді.