Freedom Inside '26

Пхукетте қазақстандық әйел полициядан қашып, жол апатын жасады

Пхукетте қазақстандық әйел полициядан қашып, жол апатын жасады
Astana TV

Таиландтың Пхукет қаласында Қазақстан азаматы жол апатына себеп болып, полиция қызметкерлерінен қашпақ болған, деп хабарлайды ult.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, 30 жастағы қазақстандық әйел бірнеше сағат бойы көлік тізгінінде қауіпті маневрлер жасап, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.

Полицияның хабарлауынша, оның көлігі микроавтобус пен мотоциклге соғылып, салдарынан екі адам жарақат алған. Күдіктіні ұстау кезінде тәртіп сақшылары көліктің әйнегін сындыруға мәжбүр болған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі аталған деректі растады.

«Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының Таиландта ұсталғаны туралы хабардар. Дипломаттар қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органдарымен байланыста болып, қажетті консулдық қолдау көрсетуде», – деп хабарлады ведомство.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы Таиландтың құқық қорғау органдарымен бірлесіп анықталып жатыр.