Президент қаржы тікелей білім гранты иесіне берілуге тиіс екенін айтты

Президент қаржы тікелей білім гранты иесіне берілуге тиіс екенін айтты


Мемлекеттік білім грантының қаражаты студенттің есепшотына түсуі тиіс. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Келесі мәселе. Мемлекет жастарға білім беру үшін жоғары оқу орындарына өте көп грант бөледі. Бүгінде бір студентті оқыту құны –  шамамен 4 миллион теңге. Грант саны жыл сайын артып келеді. Енді, қаржыландыру тәсілін өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуге тиіс, яғни студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл – қаражат студенттің арнайы есеп-шотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсау керек. Бұл тәсіл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестікті арттырады.  

Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыстың ашық болуын қамтамасыз етеді. Білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады. Үкімет бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруы керек», - деді Мемлекет басшысы.