Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Президент Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялады

Президент Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялады

Қазақстан Президенті Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа көшеттер Көктөбеде қалып қойғаны үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ағаш – қаланың да, бүкіл халықтың да нығметі. Бүйтуге болмайды. Көптеген көшеттің Көктөбенің баурайында қалдырылғаны ешбір сын көтермейді. Қайырымды істің быт-шыты шықты. Сондықтан әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаймын. Істі бастадың ба, бітіру керек. Қолыңнан келмейтін іске араласпа», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев көшеттердің Көктөбеде қалдырылғаны үшін қоластындағыларды жазалаған болатын.