Freedom Inside '26

Полиция қызметкерінің өлімі: Алматы облысында жұбайы мен ұлы ұсталды

Полиция қызметкерінің өлімі: Алматы облысында жұбайы мен ұлы ұсталды
ашық дереккөз

Алматы облысы Кеген ауданында полиция қызметкерінің мәйіті табылды. Оқиғаға қатысты оның жұбайы мен ұлы күдікке ілініп, ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желілерде құқық қорғау органының қызметкері өлтіріліп, денесі өртелмек болғаны туралы ақпарат тараған. Облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.

Ведомствоның мәліметінше, 23 маусым күні таулы аймақтан мәйіт табылғаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, марқұмның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері екені расталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында марқұмның жұбайы мен ұлы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.