Петропавлда жүзу жаттықтырушысы есірткі дауына ілікті

Петропавлда жүзу жаттықтырушысы есірткі дауына ілікті
СҚО ПД

Петропавлда полиция 1990 жылы туған жүзу жаттықтырушысын күшті әсер ететін препараттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ult.kz.

Одан рецептісіз алынған «Прегабалин» препаратының 4 блистері — 56 таблетка тәркіленді. Медициналық куәландыру оның каннабиноидтар қолданғанын көрсетті.

Полицейлер препарат сатып алынған дәріхананы да анықтады. 40 жастағы фармацевтке қатысты күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы бойынша қылмыстық іс қозғалды.