Павлодарда арбадағы сәбиімен серуендеп жүрген әйелдің басына көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан құлаған мұз кесегі тиіп, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ult.kz.
Салдарынан оның басы жарылып, ауруханада дәрігерлер жарақатына тігіс салған. Оқиға куәгерлері мұз кесегін жоғары қабаттан бала лақтырып жіберген болуы мүмкін екенін айтқан. Оқиға 8 шілде күні болған.
Зардап шеккен тараптың сөзінше, оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел келгенімен, арада үш аптаға жуық уақыт өтсе де, кінәлі тұлғалар әлі анықталмаған әрі ешкім жауапкершілікке тартылмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.