Павлодарда өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлаған өгей әке сотталды

Павлодарда өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлаған өгей әке сотталды
24.kz

Павлодар облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соты өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлаған өгей әкені өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ult.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, ер адам өгей қызына алғаш рет 8 жасында тиіскен. Қылмыстық әрекетін ол үш жыл бойы жалғастырған.

"Сот үкімімен сотталушы өмір бойына сотталды. Ол сондай-ақ кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдарды өмір бойына атқару құқығынан айырылды", - дейді Павлодар облысының соты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.