Павлодарда көлік жөндеу орнында дөңгелек жарылып, жұмысшы қаза тапты

Павлодарда көлік жөндеу орнында дөңгелек жарылып, жұмысшы қаза тапты
istockphoto.com

Павлодар қаласында көлік жөндеу орнында адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды ult.kz.

«Павлодар қаласында адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиға орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің дөңгелегін үрлеу кезінде шина жарылып кеткен. Соның салдарынан көлік жөндеу орнындағы қызметкер ауыр жарақат алып, қаза тапты», – деді сейсенбі күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Ведомство жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізеді. Оның қорытындысы негізінде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады.