Павлодар облысында өндірістік апаттан жұмысшы көз жұмды

Павлодар облысында өндірістік апаттан жұмысшы көз жұмды
rawpixel

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майкубен Вест» кәсіпорнында өндірістік оқиға салдарынан жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл ақпаратты облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, 1984 жылы туған тау-кен шебері алдын ала бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр жарақат алған.

«24 шілдеде Баянауыл ауданындағы "Майкубен Вест" ЖШС аумағында алдын ала бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу барысында 1984 жылы туған тау-кен шебері қаза тапты», – деді мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Асқар Қапанов.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты арнайы тергеу басталды. Жазатайым оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.