Павлодар облысында дауыл мен құйыннан бірнеше үй бүлінді

Павлодар облысында дауыл мен құйыннан бірнеше үй бүлінді
Сурет ашық дереккөзден алынған

Павлодар облысында қатты жел мен құйын салдарынан Қонырозек ауылында бірқатар тұрғын үйге зақым келді, деп хабарлайды Ult.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, табиғат құбылысы салдарынан жеке тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, қоршаулар бүлінген, ағаштар құлаған. Сондай-ақ ауылда электр жарығы уақытша өшкен.

Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта жергілікті әкімдік мамандары оқиға орнында жұмыс жүргізіп, келген шығын көлемін анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар қаласында бұршақ жауып, өңірде ауа райының күрт нашарлағаны туралы хабарланған еді. Енді өңірдің бір бөлігінде құйын мен екпінді жел тіркелді.