Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Пәкістанда бензин тасымалдаушы көлік автобуспен соқтығысып, 15 адам қаза тапты

Пәкістанда бензин тасымалдаушы көлік автобуспен соқтығысып, 15 адам қаза тапты

Пәкістанның батысында жанармай тасымалдаушы көлік апатқа ұшырап, салдарынан 15-тен аса адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" tribune.com-ға сілтеме жасап.

Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясында жолаушылар автобусы мен жанармай тасымалдайтын көлік соқтығысып, салдарынан 15-тен аса адам көз жұмған. Бұл туралы жұма күні The Express Tribune газетінің электронды нұсқасында хабарланды.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша оқиға Килла-Сайфулла аймағына жақын жерде болған. Екі көліктің соқтығысуы кезінде жанармай тасымалдайтын көліктегі бензин өртенген. Екеуі де отқа оранған күйі жыраға түсіп кеткен.