Қонаев қалалық соты 8 мыңнан астам салымшыдан 21 миллиард теңгеден аса қаражат жинаған Amanat Drive қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шығарды, деп хабарлайды ult.kz.
ҚМА мәліметінше, олар азаматтарға жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді пайызсыз және бөліп төлеу арқылы сатып алуды ұсынған.
Басты айыпталушы Шүкен К.К. 8 жылға, Үрәтбек М.С. 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу барысында 1,8 миллиард теңгеден астам қаражаттың жалған келісімшарттар арқылы шығарылып, қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталған.
Сотталғандар салымшылардың ақшасына екі пәтер мен үш Lexus сатып алған. Сот мүлікті тәркілеп, мемлекет пайдасына өткізу туралы шешім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.