Өткен жылы мемлекеттік бюджет кірісі 102,7 пайызға орындалды

Өткен жылы мемлекеттік бюджет кірісі 102,7 пайызға орындалды


2020 жылы мемлекеттік бюджет кірісі 102,7 пайызға орындалды. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылы мемлекеттік бюджет кірісі - трансферттерді есептемегенде жоспарға қарағанда 102,7 пайызға, республикалық бюджет кірістері - 100,3 пайызға, ал жергілікті бюджет кірісі - 108 пайызға орындалды», - деді ол. 

Үкімет басшысының атап өтуінше, мемлекеттік бюджет шығыстары жоспарға қарағанда 98,2 пайызға атқарылды.

«Бұл ретте республикалық бюджет шығыстары - 98,3 пайызға, ал жергілікті бюджет шығысы – 99,1 пайызға орындалды», - деді Асқар Мамин.