Өткен жылы қанша қазақстандықтың елден көшіп кеткені белгілі болды

Өткен жылы қанша қазақстандықтың елден көшіп кеткені белгілі болды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметіндегілер 2016 жылы қанша қазақстандықтың елден кетіп қалғаны жайлы мәлімет таратты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Өткен жылы Қазақстанға келіп, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендердің саны 13 347 адамға жеткен.

Ал елімізден кетіп қалғандардың саны - 34 965 адам, бұл 2015 жылға қарағанда 16,4 пайызға көп.

Олардың 28 677-сі Ресейге, 2637-сі Германияға, 393-і Беларуське, 228-і АҚШ-қа, 173-і Польшаға, ал 168-і Канадаға көшіп кеткен.