Отбасымен бірге оқуға жиі таңдалатын 10 кітап анықталды

Отбасымен бірге оқуға жиі таңдалатын 10 кітап анықталды
ашық дереккөз

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша барлық буын қызыға оқитын 10 шығарма айқындалды. Тізім республикалық маңызы бар үш және өңірлердегі 17 кітапхананың мәліметі негізінде жасалды, деп хабарлайды ult.kz. 

Шығармалардың тізімін Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбегі бастайды. Бұл туындыны 13 кітапхана ең көп оқылатын кітаптардың қатарына енгізген. Шығармада отбасы тәрбиесі, үлкенге құрмет, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтар кеңінен көрініс тапқан. Сондықтан ол бүгінгі күні де әр буын оқырман үшін тағылымы мол туынды ретінде бағаланып келеді. 

Жинақталған мәлімет елімізде көбіне балалық шақ, ел тарихы, отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік тақырыптарын арқау еткен шығармаларға қызығушылық басым екенін көрсетті.