Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Тергеудің алдын ала мәліметіне сәйкес, оны жұбайы өртеп жіберді деген күдік қарастырылуда, деп хабарлайды ult.kz.
Осы уақытқа дейін оқиғаға қатысты марқұмның туыстарының ұстанымы кеңінен таралған болса, енді күдікті әйелдің жақындары алғаш рет пікір білдірді. Олар оқиғаның өздеріне белгілі тұстарын айтып, осы уақытқа дейін көпшілікке жарияланбаған жайттарды жеткізген.
Күдіктінің туыстары істің барлық мән-жайы жан-жақты зерттелуі қажет екенін айтып, қоғамды біржақты қорытынды жасауға асықпауға шақырды. Тергеу жалғасып жатыр, ал істің нақты мән-жайын құқық қорғау органдары анықтайтын болады.